Ширақтығына қарағанда бұл петундар деп аталатын бір жасар аюдың қонжығы болуы мүмкін. Адамдар оны Текелі қаласы маңында байқап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тянь-Шань қоңыр аюы барлық азық түрімен қоректенеді. Ол әртүрлі тамырлар, жидектер (тіпті құрғақ болса да), түрлі шөптер және өсімдік пияздарын жейді. Ал жазда жеміс-жидек жегенді ұнатады. Кейде оның жеміне суырлар, ұсақ кеміргіштер, тіпті жәндіктер де айналады. Қоңыр Тянь-Шань аюы ақуыз тағамынан гөрі өсімдік тағамдарын жақсы көреді.
Тянь-Шань аюының басты ерекшелігі - алдыңғы табанының ұзын ақшыл тырнақтары. Оның артқы табандарының тырнағы қою қоңыр келеді. Ол аюлар арасында ең сабырлы түрлердің біріне жатады, бірақ әйтсе де жақын қарым-қатынастан аулақ болған жөн. Әсіресе қазір, қысқы ұйқыдан оянып, қорек іздеген кезде. Ал ана аю баласын жалғыз алысқа жібермейді. Егер ол қонжығына қауіп төнетінін сезсе, қауіп-қатерге басын тігуі мүмкін.