• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 26 Сәуір, 2023

Тіл мәртебесін көтеру – маңызды

397 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы ҚХА-ның Әділетті Қазақстан құрудағы алдағы жылдары атқаратын жұмыстарын айқындап өтті.

Тақырыптағы бірлік, тұрақтылық, даму сөздері ел үшін ең маңызды мемлекет құраушы қағида болып саналады. Ал бірлік сөзі қазақ халқы үшін ғасырлар қойнауынан келе жатқан қасиетті сөзге айналды десек, артық айтқандық болмас. ҚХА өкілдері тек қоғамдық деңгейде ғана емес, мемлекеттік басқару, заң шығарушы органдардың құрамына еніп, Ассамблеяны саяси реформаларды жүзеге асыруда белсенді қатысатын бірегей институт ретінде маңызын арттыра түсті.

Биыл қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғанынан 35 жыл толады. Қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыру, билік пен іс-қағаздар тіліне айналдыру бағытында қыруар іс-шара атқарылды. Дегенмен қазақ тілінің жалпықазақстандықтардың ортақ тіліне айналуын жүзеге асыру бағытында нақты іс-шараларды қолға алатын уақыт жетті. Осы бағытта халқымыздың бірлігін нығайтуда негізгі ұйым ретінде Ассамблея алдағы уақытта жаппай отандастарымыздың қазақ тілін меңгеруі, тіл ортақтығы қағидаттарын қалыптастыру бағытында да өзіндік рөлін нығайтуы қажет деп есептейміз. Нәтижесінде, бір елде бәріне ортақ тілдің қалыптасуы халық бірлігін нығайта түсетін ортақ мүдделі, Әділетті Қазақстан орнайтынына еш күмәніміз болмайды. Сол себепті болашақтағы ҚХА-ның басым бағытын, барлық күш-қуатын осыған арнау қажет.

 

Владимир ШНАЙДЕР,

Тұран-Астана университеті Ассамблея кафедрасының меңгерушісі