• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Сәуір, 2023

Криштиану Роналду «Әл-Раедке» қарсы матч туралы пікір білдірді

390 рет
көрсетілді

«Әл-Насрдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 24-турындағы «Әл-Раедке» (4:0) қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде Роналду гол соғып, 3 матчтық голсыз сериясын үзді.

«Тамаша жеңіс. Жігіттер жарады. Жанкүйерлерімізге ерекше рақмет, олар керемет қолдау көрсетті», деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қазір «Әл-Наср» 56 ұпаймен 2-орында тұр.