• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Театр 02 Мамыр, 2023

Мәңгілік махаббат айнасы

608 рет
көрсетілді

Әдебиет тарихында өшпес шығармаларымен әлем жұртшылығын тамсандырған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің драмалары күні бүгінге дейін халық назарында. Оған дәлел – биылғы сәуірдің 14-і және 19-ы күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында белгілі режиссер Әлімбек Оразбековтің қойылымымен жаңа қырынан көрінген «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы дер едік.

Театрдағы екі күнгі аншлагтан­ алғ­ан әсеріміз ұшан-теңіз. Әсіре­се­ Бекжан Тұрыс сомдаған Абыз бейнесі, Алмат Құрақ ке­йіп­­­теген Жапал, Нұрғиса Қуаныш­бай­дың Есен батыры тарих қойна­­уынан қайта тіріліп келгендей әсер қалдырды. Болат Әбділ­ма­новтың Еспембеті, Саят Мереке­ұлы­ның Кеңгірбай биі, Ерлан Біләл­ ойнаған Көбей бейнелері де бү­гінгі көрерменді өзгеше тол­ған­дырғанын іштей сезіп отыр­дық. Сондай-ақ Жомарт, Кембай, Қараменделер де өз мінез ерек­ше­ліктерімен есте қалды. Әсіресе Еңлік рөліндегі Захира Рахым­жан­ның жан мен тән сұлулығы әдемі­ үйлесім тапқан. Ал оның сүй­ген жігіті – Кебек рөліндегі кел­бетті де батыр мүсінді актер Әділет Базарбайұлының сахна­дағы­ орны тіпті ерекше. Бейкүнә махаб­баттың құрбаны болған қос ғашық­тың бір-біріне деген ыстық көңілі мен жүрек лүпілі қазір­гі жастардың да ішкі әлемін алай-дүлей етіп, сезім қылын қозғап кеткені сөзсіз.

Талантты жастарға жол көр­се­тер, арқасүйер аға буын актер­лер­дің­ еңбегі де өз нәтижесін бергені көрі­­ніп тұрды. Жаңа қойылымның бір­ден-бір жетістігі осы деуге әбде­н­ болады. Мәселен, бұған дейін 1996 жылы режиссер Жанат Хад­жиев қойған «Еңлік-Кебекте» де Болат Әбділманов тасбауыр би Еспембетті сомдаған. Түсі суық,­ қабағы қатыңқы келген Еспем­беттің бейнесін актер бұл жолы­ жаңа қырынан танытты. Оның аузынан асықтай иіріліп шық­қан отты сөздер арқаңды мұз­дат­қандай. Әуелі сарабдал бас­тап, бірте-бірте күш көрсете сөй­легенде, еріксіз сескендіреді. Ак­тер ойынының негізгі желісі – сөз­дің­ ішкі күші, одан туған іс-әрекеті мен­ психологиялық толғаныстары.

Ж.Хаджиевтің режиссурасы бо­йынша Кебекті сомдаған Ерлан Біләл кезінде көрермендер мен театр­ сыншыларының қошеметіне бөлен­ген болатын.

Ал келбеті келіскен жас актер Әділет Базарбай кейінгі Кебектің сахналық бейнесін тудыру кезінде Ерлан Біләл өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, біршама көмек бергенін жеткізді. «Да­йын­­дық барысында сахна­да­ғы­­­ әр қадамыма қарап отырды.­ Әр сөзімдегі дыбысқа, әр қимы­лым­ мен көзқарасыма дейін бақы­лай­ды. «Кебек ондай емес, Кебек­ олай айтқан жоқ» деп қате­ле­рімді түзетіп береді. Ол кісіден үй­ренерім әлі көп», дейді актер риза­шылықпен.

Бұл ретте әйгілі режиссер Шә­кен Аймановтың «Жақсы ак­тер­­ болу үшін дарынды болу аздық­ етеді. Ол үшін әр актер, ең алдымен, өз бетінше ізденіп, кейіп­­­керінің ішкі күйіне еніп, оны тереңірек зерттеу­ге талпынуы­ қа­жет»­, деген қағидасы еске түседі. Кебек­тің батыр да батыл, бүкіл әлем­ді дос санаған сахналық көр­кін­ бұзбай, рөлін жақсы меңгеруі – соның дәлелі болса керек. Осы орай­да актер Әділет Базарбай өзі сом­даған кейіпкерін зерттеу және ойнау кезінде туған ішкі сезім­де­рін­ былай жеткізді: Кебек – сыршыл да сезімтал, ақы­л­­­ды, ұлты мен еліне жаны аши­тын, бір сөзді, жалғыз өзі 15 батыр­ды жеңген Тобықты елі­нің­ бетке ұстар азаматы. Кебекті іш­тей түсінемін, оның үстіне кейіп­керім дәл қазіргі менің жасым­да болған екен. Мен де бойдақ­пын, мен де өз теңімді әлі тап­қан жоқпын. Ал Кебек сүйге­нін­ тапты. Махаббат жолында­ ата дәстүрді бұзып, еріксіз атастырылған, бірақ атас­тырылған адамын сүймейтін қыз­ды­ алып қашты. Бар кінәсы осы. Іш­тей махаббат та, қызғаныш та,­ армандар да және ең ауыры – өкі­ніш ­те бар... Қойылымға келген жас­тар бұл трагедиядан сабақ алуы­ керек деп ойлаймын.

Жапалдың апатайына деген­ шек­сіз махаббаты мен қиял-шал­қа­рында шарықтаған нәзік дүние­сі, Кебектің ата дәстүрден атта­ғаны үшін өкініші мен қорқы­ны­шы, Еңліктің махаббат жолын­да­ ­құрбан болуға ынтық сезімі, би­лер­дің қатал шешімі, сол шешім­ді­ жастардың өліміне қарай бұ­рып,­ соңында өкінгеннен Есен батыр­дың­ өзін өзі қамшымен сабағаны, оқи­ға­ның басы мен аяғына дейін Абыздың мұңды шермен зар­ланып, қасіретке толған үні мен­ қимылдары жаңа қойылымда көрер­менге мүлдем басқаша әсер қалды­рады.

«Еңлік-Кебекті» жаңша қой­ған режис­сер Әлімбек Ораз­бе­к­овтің бір ерек­шелігі – бұған дейінгі әрбір «Еңлік-Кебек­тің» элементтерін ұтым­ды пай­да­лан­ған. Мәселен, Ә.Ораз­бе­ковтің Абызы мұнда ата-баба­лар­дың аруа­ғы ретінде бейнеленген. Әрбір сәтте елес кей­пінде көрініп, жан тебірентер моно­ло­гін айтып, тіпті Кеңгірбай биге аян беріп, ел тыныштығы үшін күресіп жүреді. Ал Ж.Хаджиевтің қойылымында Еңлік пен Кебекті Жәуетай есімді кейіпкер тау-тастан іздеп табады. Ә.Оразбековтің режиссурасында оларды Жапал іздеп барады. Бұл жолы қос ғашықтың баласы тауда ұмытылып кетпей, Жапалға табысталған. Ал кейбір сахналар екі мағыналы етіп жеткізілген: Жапал бейкүнә сәбиді Абызға береді, Абыз өз кезегінде оны аспанға ұшырып жібереді. Бұл жерде әр көрермен өзі тұжырым жасауы керек. Сахналық көрініс, деко­рация көзге ерекше түседі. Тау-тас бейнеленген қабырғалар, жы­лан, садақ, қылыш тәрізді рек­­ви­­зиттер, кейіпкерлердің әр кезең­­ге сай өзгертіліп отырған киім-кешектері көрермен назарын ерік­­с­із өзіне тартады.

Премьера кешінде сөйлеген ак­тер­­ Болат Әбділмановтың пікірі де түр­лі ойларға жетелейді: Мұнда халық пен мемлекеттің қалып­тасуына ықпал ететін траге­дия­лық терең мән-мағына жатыр. Режиссер Ә.Оразбеков ең басты мәсе­лені билердің алдына қойып отыр. Бұл спектакльдің бұған де­йінгі «Еңлік-Кебектерден» ерек­ше­лігі де осында. Бұрынғы заманда дәстүр бұлжытпай орындалуы к­е­рек болған. Осы қасаң қағида қос­ ғашықтың қасіретіне әкеліп соқ­ты. Адами құндылықтың шыр­қау шыңы – махаббат. «Махаб­бат­сыз дүние бос, хайуанға оны қо­сыңдар» деген Абай өсиеті тағы­ да алдымыздан шығады. Дәс­түрді замана заңы десек, ол заң уақыт талабына сай өзгеріп, жаң­ғырып отыруға тиісті. Олай бол­мағанда кез келген қоғам, мем­лекет ты­ғы­рық­қа тіреледі. Өрке­ниет­ ауылы алыстай береді...

Аға буын мен жас буын актер­лер­дің ойы бір арнада тоғысты: «Әлімбек Оразбеков қойған «Еңлік-Кебектің» ерекшелігі – дәс­­түрден аттамау. Сөйте отырып,­ дәс­­түрдің озығы да, тозығы да­ бар деген ұстанымды алып шық­қан­ды­ғында. Билер сахнасында бұл кеңі­нен көр­се­тіледі», деді әйгілі актер­ Асанәлі Әшімов.

Ендеше, ауыз әдебиетінің асыл­ мар­жандарынан сүзіліп, бүгінге қаймағы бұзылмай жет­­кен махаб­бат­ айнасы «Еңлік-Кебек» жыры ғасыр­­дан-ғасырға жасай береді.­

 

Аружан ЖЕҢІСБЕКОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің студенті