ФИФА президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Астанаға ұшып келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми сапар барысында Халықаралық футбол федерациясы басшысының Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар Инфантино Қазақстан футбол федерациясы манежінде оқушылар арасында өтетін Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады.
Сонымен қатар ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселені талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Джанни Инфантиноның ФИФА басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары.