• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Егемен Қазақстан 10 Мамыр, 2023

Онлайн жазылып, газет оқыңыз!

687 рет
көрсетілді

Таяуда Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігінің ұсынысы бойынша «Kaspi bank» пен Қазпош­та газет-жур­налдарға онлайн жазылу тетігін іс­ке қосты. Енді оқырман­дары­мыз үй­­­ден шықпай-ақ «Kaspi.kz» ж­әне «Post.kz» қосымшалары мен «Post.kz» сай­ты арқылы өздерінің қалаған ба­­сы­лымына жазыла алады.

Оқырмандарымызға оңай болу үшін жа­­зылу жолын түсіндіріп өтсек, «Kaspi.kz» қосымшасына кіріп, «Төлемдер» ба­тыр­масын басасыз. Оның ең төменгі жа­ғын­да «Басқасы» деген бөлімге кірсеңіз, «ҚР баспа басылымдары» деген батырма­ны көресіз. «Жазылым төлемі» деген жер­ге өтіп, өзіңізге қажет басылымды таң­дайсыз. Ол жерде 3 айға немесе 6 айға жазы­луға болады.

Кестеде «Egemen Qazaqstan» газетіне осы мер­зімдерге жазылу құны қала, аудан, ауылдар үшін қанша бола­тыны, сондай-ақ жеке және заң­ды тұлғалар үшін төленетін сомасы берілген. Өзіңіздің ме­кен­жайыңызды жаз­ғаннан кейін кес­теде берілген қажетті соманы енгізіп, төлем жасайсыз.

Айта кетейік, әзірге «Kaspi» қосымшасы арқылы отандық 18 басылымға жазылуға мүм­кін­дік бар. Оның ішінде «Egemen Qazaqstan» газетінен бөлек «Қазақ га­зеттері» ЖШС-ға қарасты «К­а­захстанская правда», «Ana tili», «Уйғур авази», «Дружные ре­бя­та» газеттері мен «Urker», «Мысль» журналдарына да жа­зылуға болады.

Post.kz қосымшасы арқылы да баспасөзге жазылу жеңілдей түсті. Қазір аталған қосымша «Басылымдарға жазылу» деген жаңа қызметті басты бетке шы­ғарып қойған. Соған өтіп, қа­жетті басылымның атауын із­деу жолағына жазсаңыз шы­ғады. Мысалы, «Egemen Qazaqstan» газетіне жазылу үшін өз ин­де-к­сі­ңізді білу керек. Төмендегі кестеде индекс­тер бойынша жазылу бағалары берілген. Мә­селен, сіз Астана қа­ласынан болсаңыз, 25392 ин­дексін таңдап, «Басылымға жазылу» батырмасын басасыз. Ол жерден жыл соңына дейінгі айлар тізімі шығады, соның астындағы «Өзгерту» батырмасын басып, қанша ай­ға және қанша газетке жазылу керегін көрсетесіз. «Kaspi» қосым­шасынан артықшылығы, бұл жерде жазылу сомасын өзі шы­ғарып береді. Содан кейін то­лық мекенжайыңыз бен телефон нөміріңізді жазып, кез келген банк картасымен төлем жасай бересіз.

Айта кетсек, «post.kz» қо­­сымшасы арқылы отандық ғана емес, шетел басылымдарына да жазылуға мүмкіндік бар. Қа­зіргі таңда тұрғындар 1761 ба­сылымға жазыла алады, оның ішінде 460 республикалық, 422 өңір­лік және 879 шетелдік газет-журнал бар.

Ал «Қазпошта» сайты арқылы жазылу үшін клиенттер https://post.kz/internet-subscription сілте­месі арқылы тіркелу қажет.

«Post.kz» қосымшасы Google Play/AppStore арқылы Android/IOS операциялық жүйесі бар ұялы телефондарда қолжетімді екенін еске саламыз.