• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 14 Мамыр, 2023

Мәсіге қойылған мүсін

328 рет
көрсетілді

Бүгінде тұпнұсқасы Лондондағы Британ му­зейінде сақтаулы тұрған ХХ ғасырға тиесілі қазақ мәсісінің көшірме нұсқасы елорданың Алматы ауданында орнатылды. Кезінде Жетісу жерінен ағылшын зерттеушілері тауып, өз еліне алып кеткен қазақ мәсісіне қойылған ерекше арт-нысан Астанадағы «Jetisu» тұрғын үй кешенінің ауласында бой көтерді.

Астаналық суретші Мансұр Смағамбетовтің ерекше өнер туындысы көшпелілердің ұлттық стилінде жасалған. Арт-нысанның биіктігі үш метр.

«Бұл мәсі шынымен үлкен «саяхат» жасап отыр. Жетісу жеріндегі аяқкиім Тұ­манды Аль­бион жағалауына дейін жетті. Ағыл­шындардың ұқып­тылығы арқасында қазақтың мәсісі бүгінгі күнге дейін сол қалпында сақталып, Ұлыбританияның бас музейінің төрінен орын алды. Мәсіні Британия музейінен көрген соң, қазақтың ұлттық тамырын білдіретін дүниелерімізді өзіміздің жерімізде де орнатып, дәріптеуіміз керек деп ой түйдім. Сол оймен былтыр желтоқсан айында үлкен істі бастап кеткен едік. Міне, бүгін сәтін салып, Жетісу жеріндегі жәдігерімізді «Jetisu»-ға қайтардық», дейді суретші.

Мүсін арқылы мәңгілік мәсіні бейнелеген арт-нысан «Қазақтуризм» АҚ мен BI Group ком­пания­сының қолдауымен тұрғызылғанын да айта кеткен жөн.