• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2023

Адалдық мектептен басталуы керек

252 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлықтың білім саласына келтірер зияны көл-көсір. Сондықтан мектеп қабырғасында әділдікке баулу сабақтары жиі өтіп тұруы керек. Біз бұл қағида арқылы жастардың тәрбиесін турашылдыққа бағыттаймыз.

Иә, мектеп өмірі нағыз адалдықтың алаңы. Бала онда не істейді, қоғамда соны қайталайды. Мәселен, осы мақсатта Ақсу ауданына қарасты Қарашілік орта мектебінің тарих пәні мұғалімі М.Баденованың жетекшілігімен қабырға газеттері ілініп, таратпа қағаздар әзірледік. Сондай-ақ ауылға танымал тұлғалар балаларға өсиетті әңгімелер айтып, өнегелі өмірінен сыр тарқатты.

Мектеп сахнасына оқушылар «Жемқорлыққа жол жоқ» театрландырылған қойылым қойып, ауыл ақсақалқарымен сұқбат жүргізді. Сондай-ақ «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кітапханашы Т.Айтпекова  кітап көрмесін жасап, бұрыш ұйымдастырды. Білім беру  ұйымдарының қызметкерлері және ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін парақшалар  әзірленіп  таратылды.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қарастыруымыз қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп санаймын.

Нұргүл ҚОЖАХМЕТОВА,

Мектеп директоры м.а

Қарашілік ауылы,

Ақсу ауданы,

Жетісу облысы