• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Мамыр, 2023

Шетелде елден заңсыз шығарылған 100 млн доллар анықталды

310 рет
көрсетілді

Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған 100 млн доллар шетелде анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Бас прокуратура ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл қаражат банк шоттарындағы ақша, жылжымайтын мүлік және шетел компанияларындағы акциялар түрінде сақталған.

Аталған активтер Біріккен Араб Әмірліктері, Швейцария, Латвия және Австрияда жасырылған.

Бұған дейін Лихтенштейн, Австрия, Гонконг және Бірікен Араб Әмірліктерінен Қазақстаннан заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылғаны туралы хабарланған еді. Оның ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысы бар қымбат зергерлік бұйымдар да болған.