• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2014

Ақпараттар ағыны

272 рет
көрсетілді

* Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының 265 тұрғыны 3 жылда бизнесті дамытуға 600 млн. теңге несие алды. Кәсіпкерлердің осынша көлемдегі қаржыға  қымыз, бидай, бал, жұмыртқа, өсімдік майы, қарбыз, пима сияқты азық-түлік және өнім түрлерін дайындауды қолға алғанын айтқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мұның бәрінің «Жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қол жеткенін алға тартты. *Солтүстік Қазақстанда ин­вестиция көлемі жарты жылда 7,2 пайызға артты. Статис­тика департаментінің бас­шысы Ольга Перепечинаның айтуынша, жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш  34,3 млрд. теңгені құраған. Соның ішінде негізгі капиталға тартыл­ған инвестицияның 79,8 пайы­зы шаруашылық субъекті­лерінің жеке қаржысы, 12 пайы­зы мемлекеттік бюджет қаржы­сы, 6,5 пайызы өзге де заем қара­жат­тары, 1,7 пайызы банк несиесі болған. *Шымбұлақ шатқалында даунхил паркі қатарға қо­сыл­ды. Осындағы тау шаңғысы курорты жаз мезгілінде велоспорт маусымын ашты. Ол велосипедпен таудан құлдилау – кәсіби даунхил байк трассасының пайдалануға  берілуі арқасында мүмкін болды. *Шымкентте жұрт­шы­лыққа «Электронды қазақ үй» жобасы таныстырылды. Бұл шара кеше облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің баспасөз орталығында өтті. Электронды қазақ үй 4 негізгі бөлімнен тұрады. *Қызылорда облысының Шиелі ауданында алғашқы роботтандырылған дәріхана ашылды. Мұндай  форматтағы фармамаркет бұған дейін Астана және Өскемен қалаларында қатарға қосылған еді. Екі қабаттан тұратын дәріхананың алғашқы қабатында фарма­мар­кет орналасқан. Ал денсаулық пен сұлулыққа арналған екінші қабатында УДЗ, косметолог, пе­диатр, терапевт, массаж бөлме­лері бар. Дәріхана күн сәулесі энер­­гиясымен қамтамасыз етіл­ген. *Кеше Алматыда 200 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Ол  «Рамазан сыйы» акциясы аясында өтті. Алматы Орталық мешіті мен «Зекет» қоры мұқтаж отбасыларға ұн, қант, күріш, сұйық май, макарон өнімдерінен тұратын азық-түлік пакетін ұсынды.

Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, Altaynews.kz,

Egemen.kz сайттарының деректері бойынша дайындалды.