Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында еліміздің экономикалық әлеуетін артыру мәселесін тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның Одақты дамытуға қатысты ұстанымы – елдеріміздің экономикалық әлеуетін дәйекті түрде арттыру. Яғни, жобалар, технологиялар, жұмыс орындары, салықтар.Біз күш біріктіре отырып, алдымызға қойған барлық міндетті табысты атқаратынымызға және Еуразиялық экономикалық одақты дамудың анағұрлым жоғары деңгейіне шығаратынымызға сенімдімін», деді Мемлекет басшысы.