• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2023

Бейнеттің зейнеті – жаңа үй

253 рет
көрсетілді

Президенттің тың бастамасымен кейінгі жылдары халыққа зейнетақы жи­нағының белгілі бір бөлігін баспана алуға және емделуге жұмсауына мүмкіндіктің берілуі елімізде үлкен жаңа­лық болып, көптеген аза­мат бұл өзгерістің игілі­гін көріп үлгерді. Енді еңбе­гінің жемісін көрер зейнет жасындағы азаматтарға зейнетақы жинағын тү­гел пайдалануға құқық бері­лейін деп жатыр. Аталған жаңашылдық алдымыздағы шілде айынан бастап жүзеге асырыла бастайды.

Дәлірек айтсақ, осы жылдың 1 шілдесінен бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) еңбек сіңірген жылдары бойынша жинағы бар зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайын жақ­сартуға немесе емделуге зейнет­ақы жинағының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі. Бұл бастама биыл қабылданған Әлеуметтік кодекс аясында жүзе­ге асырылады.

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің хабарлауынша, шілдеден бастап зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы БЖЗҚ-да жиналған қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсар­туға пайдалану үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға «От­ба­сы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банк­терге жүгіне ала­ды. Ал емде­лу мақсатында бір­жол­ғы зейнет­ақы төлемдерін пай­далану үшін жоғарыда көрсе­тіл­ген платформа арқылы «Отба­сы банкіне» өтініш беру қажет.

Бұған дейін 2021 жылдың 1 қаң­тарынан бастап БЖЗҚ аза­­маттарға зейнетақы жина­ғы­­н­ың бір бөлігін тұрғын үй жағ­­дайын жақсарту немесе емде­лу­ге ақы төлеу сияқты әлеу­мет­­­т­ік мақ­саттарға жұмсау құ­қы­­ғы беріл­гені белгілі. Осы орай­да атал­ған құқықты қандай санат­тағы азаматтар пайдалана алатыны­на тоқталып өтейік. Бірін­шіден, бұл – БЖЗҚ-да зей­нет­ақы жи­нағы бар жұмыс істей­тін азамат­тар. Олар «төменгі жет­кі­ліктілік шегінен» асатын сома­ның бір бөлігін пайдалана алады. Екіншісі – зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақы­сының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жи­нақтары сомасының 50%-ына дейін пайдалана алады. Ал үшін­шісі – өзіне зейнетақы аннуи­тетін ресімдеген және әлі де жинағы бар азаматтар. Олар БЖЗҚ-да қал­­ған зейнетақы жинақтарының сома­сы шегінде пайдалана алады. Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.

Сонымен қатар Әлеуметтік кодекс аясында 2023 жылдың 1 шіл­десінен бастап БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинағы сомасының 50%-ына дейін өзінің дербес таңдауы бойынша жеке басқарушы инвестициялық ком­­панияларға беру құқығы бері­­ле­ді. Бұл азаматтарға зей­нет­ақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспа­рын құруға, жинақтарын инвес­ти­циялаудың балама саясатын таң­дауға мүмкіндік береді.

Жинақтарды жеке басқару­ға беру кезінде әртүрлі инвес­ти­ция­лық стратегияларды пайдалану салымшылардың тәуекелдерін әрта­раптандыруға, неғұрлым жоға­ры инвестициялық табыс алу­ға және тиісінше зей­нет­ақы жинақтарының ұлғаюы­на ық­пал етеді. Салымшы зей­нет­ақы жинақтарын жеке басқару­шы ком­панияға аударған кезде оның жинақтарын басқа басқа­ру­шы компанияға аудару немесе Ұлт­тық банктің, яғни БЖЗҚ-ның бас­қаруына қайтару құқығы сақталады.

Мемлекет Ұлттық банктің бас­қаруындағы, яғни БЖЗҚ-да­ғы жинақтар бойынша ғана зей­нетақы жинақтарының сақ­та­луына кепілдік береді. Ин­вес­тициялық портфельді басқа­рушының (ИПБ) басқаруына берілетін зейнетақы жинақтары­ның сақталуына салымшы таң­даған ИПБ жауапты болады. Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыс­тылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туын­даған жағдайда осы басқа­рушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.

Осы орайда зейнетақы жинақ­тарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшылардың БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет екенін атап өту керек.