Нью-Йорктегі ең үлкен LED экрандардың бірінде Димаш Құдайбергеннің жаңа жарық көрген «Omir» туындысы көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Dimashnews.com сайтының мәліметінше, көрсетілімді әншінің фанклубы ұйымдастырған.
Бейнебаян әр 20 минут сайын көрсетілді. Бұл әншінің 24 маусымда Малайзияда өтетін концертіне қолдау ретінде өткізіліп отыр.