Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.
Сонымен қатар Президент Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.