• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2023

Каспий жағалауындағы көшпелі отырыс

190 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының ха­­лық­аралық қатынас­тар, қорғаныс және қауіпсіз­дік комитетінің мүшелері жұмыс сапарымен Маң­ғыстау облысына барды.

Сенаторлар іс-шара аясын­да еліміздің Әскери-те­ңіз күштерінің орналасқан же­рінде болып, кемелер мен қайықт­ар, қару-жарақ пен әскери техни­каның түр­лері мен жасалған ин­ф­ра­­құрылымды көрді. Ше­кара қызметі мен Әскери-теңіз күштерінің «Сарбаз» және «Сар­дар» кемелері, сондай-ақ теңіз учаскесіндегі мем­лекеттік шекараны күзету кезіндегі шекарашылар бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі депу­таттарға таныстырылды.

Сондай-ақ депутаттар «Темір баба» көпсалалы автомобиль өт­кізу бекетінде, «Бөгет» шекара заставасында болды. Олар сондай-ақ осы нысандардың ин­фра­­құрылымымен және жаб­дықталуымен, шекара­лық және кедендік бақылау үдерісімен танысты. Осы өткізу бекетінің жұ­мысын тоқтатпай қайта жаңғыр­ту мен техникалық тұрғыда то­лық жабдықтау жұмыстарын же­дел­дету қажеттігі атап өтілді.

Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік коми­­тетінің көшпелі отыры­сы Құрық теңіз портында өтті. Оған Маң­ғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев және ҰҚК төрағасының орынба­сары – Шекара қызметі­нің директоры Ерлан Алдажұ­ма­нов қатысты. Талқылау бары­сында шекараның ең шалғай шебінде қызмет атқаратын шекарашыларды әлеу­мет­тік-тұрмыстық тұрғы­да қам­тамасыз ету мәселелері бойынша жан-жақты әң­гіме бол­ды. Сумен, газбен және энергиямен қамтама­сыз ету қажеттігіне жергі­лікті билік органдарының назары аударылды. Оты­рыс­қа қатысушылар Ше­кара қызметін одан әрі дамыту, мемлекеттік шекараны күзету, браконьерлік­пен күрес, отандық кеме жасау, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері туралы пікір алмасты.

Сенаторлар сондай-ақ Қару­лы Күштердегі саяси-тәрбие жұ­мы­сына, әскери тәртіп пен әс­ке­ри қызметшілердің моральдық жағ­дайын нығайтуға байланысты проблемаларды көтерді.

Комитет төрағасы Асқар Шәкі­ров көшпелі отырысты қо­ры­­тындылай келіп, инфра­құры­лым­ды одан әрі дамытудың және облыс тұрғындарының әл-ауқа­тын арттырудың ма­ңыз­­ды­лығына назар аударды. Се­на­тор Каспий өңіріндегі көлік же­лісінің логистикасы мен еліміздің дамуына кешенді әлеуметтік-экономикалық әсер ететін жобалардың ерекше рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумын­да сөйлеген сөзінде Транскас­пий бағытымен ұштасатын және Қытайды Еуропа елдерімен бай­ланыстыратын «Белдеу және жол» бастамасындағы Қазақ­станның шешуші рөлін атап өтті. Бұл жобалар сауда, ин­вес­тиция және жал­пы мемле­кеті­міз­дің тұрақты дамуына жаңа мүм­кіндіктер ашады.

Сенаторлар өңірдегі кездесулер барысында елімізде жүргізі­ліп жатқан саяси реформалар туралы хабар­дар етіп, Қазақстан­ның сырт­қы саясатының өзекті мәселелерін түсіндірді.