Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Заманауи талаптарға сай келетін жаңа терминал салуды жоспарлап отырмыз. Атырауда жолаушылар ағыны мол. Сондықтан, қолданыстағы терминал бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды», деді облыс басшысы Орталық коммункациялар қызметінде.
Әкімнің айтуынша қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл әуежай 3 млн жолаушы легіне есептелген. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған терминал тек мемлекеттік емес, ол жерде түрік инвесторы да бар екендігін қоса айтты.
Өңір басшысы терминал салынатын жер учаскесі белгіленгенін атап өтті.