• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 19 Маусым, 2023

Астанадағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

302 рет
көрсетілді

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барды. Сондай-ақ ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы бара жатыр.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 158 адам мен 33 бірлік техника, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды.  

Өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ. 

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады.

«Құрметті тұрғындар, қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:

ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз.

Егер сіз сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс.

Түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз», делінген хабарламада.