• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Алматы 26 Маусым, 2023

Такси ақысы реттеледі

1532 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы жұмыс тобы екі апта бойы такси қызметінің құнына талдау жүргізіп, бір бағыттағы жол жүрудің орташа құнын 6 мыңнан 8 мың теңгеге дейін болуы керек деген шешімге келді. Егер такси қызметі премиум сегмент болса тарифті 12 мың теңгеге дейін көтеруге мүмкіндік бар. Бұл шешім бағаны ыңғайына бағындырып алғысы келетіндердің тәбетін тежейді деген үміт бар.

Елімізде такси мен оның жүргізушілерінің қызметі арнайы ережемен бекі­тілгені бел­гілі. Осы құжат бойын­ша­ такси жүргізушілері ең алды­мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, жо­лаушы­ тасы­малымен айна­лы­са­ты­ны­ туралы сәйкестік құжаты бо­луы, көліктерін такси­ бел­гісі­мен жабдықтап, жүр­гі­зу­шілер арна­йы киім үлгі­ле­рін киюге мін­детті еді. Сон­дай-ақ көлік сало­нын­да жолау­шы­лардың көз алдында жүргі­зу­ші­нің фотосуреті, аты-жөні көр­сетілген визит карточкасы, тасымалдаушының рес­ми атауы, оның мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетілген ақпа­рат­тық тақта болуын да осы ереже мін­деттейді.

«Атамекен» ҰКП басқарушы директорының орынбасары Әлішер Тұрсынның айтуынша, нарықтың осы сегментінде отандық такси қызметінің басым­­дықта болуы маңызды. «Мони­то­ринг барысында қар­ба­лас уақытта бағаның 6000 тең­ге­ден 8000 теңгеге дейін ауытқып тұра­тынын анықтадық. Қазір нарықта дәс­түрлі көлік түрінен бөлек электрокарлар да бар. Олар­дың Алматы әуежайынан Шым­бұ­лаққа дейінгі жолақысы 12 мың теңге деп белгіленді», дейді сарапшы.

Бұл бағаның да тұрақты баға емес екені жиын барысында белгілі болды. Жолаушылар үшін ұсынылатын баға құны ауа райы­на, сұранысқа және басқа да деректерге байланысты өзгеруі мүмкін. Алматы әуежайында түрлі бағытқа баға шамасы туралы қазақ, орыс, ағыл­­шын және қытай тілдерінде арнайы баннерлер орнатылды. Турис­тер қосымшаны QR кодтары арқылы жүктей алады. «Баға 12 мың теңгеден аспауы үшін шетелдік туристер баға диапазондары туралы хабардар болуы маңызды. Шетелдік турист үшін шамамен маршрут жасадық. Қаланы, сондай-ақ осындай орындарға баннерлер қоюды, «Баннерде үш отандық және екі шетелдік такси қызметін көрсетеді. Ше­тел­­­дік қызметтердің картогра­фияда және орналасқан жерін анық­тауда мүмкіндіктері көбі­рек.­ Бұл жағынан олар ұта­ды.­ Жұмыс мұнымен тоқ­тап қал­м­айды, біз жалғас­ты­рамыз. Тәсіл­дерімізді, жобаларымызды жетілдіру және мүдделі орган­дармен жұмыс жасау», деді ол.

Ә.Тұрсынның айтуынша, шетел­дік туристердің қалаға кел­ген бойда қай бағытқа басым­дық беретіні алдын ала зерт­телді. Мысалы, Медеу немесе Шымбұлақ болса, сол бағыттағы қонақүйлерге тоқтайды. Бұл ретте туристердің Алматыдағы ең жоғарғы баға­ның ортақ көрсеткіші 12 мың теңгеден аспайтынын білуі біз үшін маңызды. «Баннерде үш отандық және екі шетелдік такси компания­сы қызмет көрсететіні айтылған. Шетелдік қызметтердің картографияда және орналасқан жерін анықтауда мүмкіндіктері көбі­рек. Бұл жағынан олар ұтады. Жұмыс мұнымен тоқ­тап қалмайды, біз алдағы уа­қытта осы бағыттағы зерт­теу­лері­мізді жетілдіре бере­міз.­ Нарық­тың заңы бір бағамен тұрақтап қалғанды құп көр­мей­ді.­ Бағаның сұраныс пен ұсы­ныс­тың деңгейіне қарай реттеліп отырғаны маңызды», деп сөзін түйіндеді Ә.Тұрсын.

Алматы әуежайының бас­па­сөз қызметінің жетекшісі Наиля Жабғина әуежайды хабар­дар ету қызметі келген жолаушыларға қала бойынша жүрудің ықтимал жолдары туралы ескертетінін атап өтті. Әуежай қызметкерлері жүкті қабылдау аймағында және халықаралық келу залынан шыға­берісте келушілерге парақшалар таратады.

«Алматы әуежайы» АҚ бө­лі­­­мінің бастығы Руслан Қозы­ба­қов осыған дейін де баға мәселесі төңірегінде туын­дап­ жатқан түйткілдерді реттеу үшін бірқатар қадамға бар­ғанын айтты. Алматы қала­сы құқық қорғау орындары­мен­ байланыс тұрақты. Турис­тік полиция шетелден келушілерді қарсы алып, түсін­дір­ме жұ­мыс­тарын жүргізеді. Тіл біл­мей­тіндерді полиция­ қыз­мет­кер­ле­рі таксиге шығарып салып, та­рифтерді ескертеді.

Еске салсақ, Алматыда шетел азаматтарын әуежайдан қонақүйге дейін 800 долларға жеткізген такси жүргізушісі жазаланған еді. Оның алдында шетел азаматтарынан тасымал қызметі үшін қомақты қаржы алған такси жүргізушісі бес тәулікке қамалған болатын.

 

АЛМАТЫ