• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Дін 26 Маусым, 2023

СҚО-да діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

203 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында 2023 жылдың 12-16 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинар және әртүрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру шеңберінде қала тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Ж.Ә. Долиев, М.С. Тойғанов, Р.С. Садуев, Т.Г. Омаров, О.В. Синяков тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Петропавл, Сергеев қалалары, Қызылжар,  Ғ.Мүсірепов,  Шал ақын аудандары, Новоишимка ауылының мәдениет үйлерінде ақсақалдармен, жастармен, «Қызылжар» орталық облыстық және «Нұр» қалалық мешіті жамағаттарымен, ішкі істер полиция бөлімі қызметкерлерімен және басқа да қатысушылар арасында семинарлар мен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шараларда облыс тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды.