• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Маусым, 2023

«Қазмедиа» командасы – жеңімпаз

224 рет
көрсетілді

Қызылордада қала әкімінің кубогі үшін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті. Сайыста Астана, Шымкент қалалары, Атырау, Түркістан облыстары мен Қызылорда қаласынан қатысқан 8 команда алаңға шықты.

Жарыстың ашылу салтана­тында қала әкімі Асылбек Шә­ме­нов журналистерді кәсіби ме­рекемен құттықтап, сайыс­қа қаты­сушыларға сәттілік тіле­ді. Қатарынан екінші жыл өт­кі­зіліп отырған турнирдің топ­тық кезеңінен сүрінбей өткен «Қазмедиа», «Qaz365.kz», «Атырау», «Шымкент» командалары жартылай финалға шықты. Финалда «Qaz365.kz» командасын ұтқан «Қазмедиа» жігіттері республикалық тур­нирдің чемпионы атанып, 1 000 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Екінші орын алған «Qaz365.kz» 700 мың, қола жүлдегер – «Атырау» 350 мың теңге иеленді.

Турнирдің «Үздік ойыншысы» аталымын 6 гол сал­ған атыраулық Қайсар Жет­піс­бай алса, жергілікті «Қоғам ТВ» командасының ойыншысы Ержан Батыршаев «Үздік шабуылшы» деп танылды. Ал «Шымкент» командасының ойын­шысы Айбек Қабылша «Үз­дік қақпашы», түркістандық әріп­тесіміз Самат Сүлей «Үздік қор­ғаушы» атанды.

 

Қызылорда