• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 30 Маусым, 2023

Президент: жастар заңды білмейді

381 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы құқықтық сауаттың маңызын айтып, әсіресе жастарға заңды түсіндіру керегін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Келесі бір маңызды мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Полицияның жоғары деңгейдегі өкілдері университеттерге, мектептерге барып, заңдарды жастарға түсіндіруі керек. Әсіресе, заң бұзудың салдарын анық көрсетуі қажет.

Өкінішке қарай, біздің жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кеңінен таралған, басқа сөзбен айтқанда, жастарымыз заңды білмейді, заңды сақтаудың мән-маңызын түсінбейді. Ал мұндай құқықтық сауатсыздықтың салдары өте ауыр.

Мен әрбір жиында қоғамымызда заң үстемдігі болу керек, соның негізінде тәртіп болу керек деп айтып жүрмін. Полиция қызметкерлері осы қарапайым тұжырымдаманы халыққа, азаматтарға, әсіресе, жастарға жеткізуі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.