• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Маусым, 2023

Талдықорған қаласының жаңа әкімі тағайындалды

628 рет
көрсетілді

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ернат Бәзіл 1978 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы, қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Базис-А» корпорациясы» ЖШС-да учаске бригадирі болып бастап, кейін бригадир, учаске бастығы қызметтерін атқарды. Осы жылдар ішінде жетекші, бас маман, құрылыс бөлімінің басшысы, бөлім бастығы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, отын-шаруашылық бөлімінің бастығы, басқарма басшысы, Астана қаласының энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы  қызметтерін атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Әсет Масабаев Талдықорған қаласының әкімі болған.