• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Шілде, 2023

Қазақстан – Қытай: Өңірлер арасындағы келісім

427 рет
көрсетілді

Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялық облысы арасындағы әріптестік байланыс жанданып келеді. Өңір басшысының Қытайға сапары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайта түс­кені белгілі. Енді қы­тай­лық делегация жер жан­натына келіп, өнер­кәсіпті өркендетуге ба­ғытталған бірнеше келі­сімшартқа қол қойды.

Жетісу өңіріне арнайы іс­сапармен келген ҚХР Шың­жаң-Ұйғыр авто­номия­лық ауданына қарасты Іле Қазақ авто­номиялық округінен деле­гацияны округтік партия коми­тетінің хатшысы Ян Сю­ли бас­тады. Кездесуге облыс әкі­мі­нің орынбасарлары, бас­қар­ма басшылары, «Қорғас – Шы­ғыс қақпасы» арнайы эко­­­но­ми­ка­лық аймағының же­тек­­­­шілері қатысып, шетелдік әріп­­тес­терімен келіссөз жасады.

Жиынды ашып, жүргізген облыс әкімі Бейбіт Исабаев: «Жер жаннаты Жетісу облы­сына қош келдіңіздер! Өзде­ріңіз­бен жүздесіп отыр­ғаны­мызға қуаныштымын және ал­ғыс білдіремін. Бүгінгі кезде­судің мақсаты – екі тарап­ты байланысты одан әрі жетіл­діру. Жетісу облысы – инвес­ти­­циялық мүмкіндігі зор аймақ. Өңірде 5 стратегиялық бағыт бойынша жаңа инвесторлар тарту, өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп, оның ішін­де жер қойнауын пайдалануды дамыту салалары бар», деп айтылған салалардың жұмысын таныстырып өтті. Сондай-ақ өңір басшысы екі елді байланыс­тырып, шекарада тұрған «Қор­­ғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық айма­ғының мүм­кіндігіне ерекше тоқ­талды. «Біздің ең бас­ты перспективалы бағытымыз – өңі­ріміздің транзиттік әлеуеті. Яғни Қы­тай­дан Еуропаға жүкті 11 күн­де жеткізуге мүм­­кіндік беретін «Батыс Еуро­па – Ба­тыс Қытай» транс­құр­лықтық автомобиль жол дәлізі біздің аймақ арқылы өтеді», деді Б.Исабаев.

Сөз барысында өңір басшысы Қытай еліне жасаған жұмыс сапарын еске алды. Айта кетейік, Қазақстандағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық айма­ғын басқару компаниясы» АҚ, «Қазақстан-Қытай ха­лық­ара­лық өнеркәсіптік қа­ласы» ЖШС және Қытай Ха­лық Респуб­ликасының «Ха­лық­ара­лық шекара маңы ынты­мақ­тастығы ор­талығы» ынтымақ­тастық туралы меморандум жасасқан еді. Бұл өз кезегінде логистиканы кедергісіз дамы­туға ықпал ететін болады.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдері мен Еу­ропаға дейінгі маңызды мар­­шруттардың тоғысында, гео­­г­рафиялық тұрғыдан тиім­­ді ор­­­наласқан. Арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақ аума­ғы­на Құр­­ғақ порт, жалпы ауда­ны 5 мың гектарға жуық логис­ти­ка­лық және индус­триялық ай­мақ­тар кіреді және олар қа­жетті ин­женерлік инфра­құ­рылыммен қамтама­сыз етілген.

Жиында облыс басшысы қы­тайлық компанияларды ай­мақ экономикасына инвес­ти­­ция салуға шақырып, екі­жақ­­­ты әріптестікті нығай­туға мүм­кін­дік беретін және тиім­ді­лігі жоғары салаларды таныстырды.

Одан соң сөз алған Іле Қа­зақ автономиялық округі партия комитетінің хатшысы Ян Сюли Жетісу жеріндегі жылыжай шаруашылығының дамуына, ауыл шаруашылығына технология енгізу шараларына, оның ішінде тамшылатып суару технологиясын кеңінен қолдануға қызығушылық танытып, өндіріс пен туризм саласында бірлесе жұмыс істеудің мүмкіндігіне тоқталды. Сон­дай-ақ екі өңірдің арасындағы байланысты бекітуге қажетті шекаралық бекеттерден адам өткізу көлемін ұлғайту мәсе­лесін қайта қарауды ұсыныс ретінде ортаға салып, қолға алын­ған шаралар екі тараптың эко­номикалық дамуына серпін бере­ріне сенім артты.

Кездесу соңында екі тарап бірқатар құжатқа қол қойып, ара­дағы байланысты ны­ғай­ту­дың алғышартын жасады. Атап айт­қанда, облыс әкімінің орынбасары Ернат Бәзіл мен ҚХР Іле Қазақ автономиялық окру­гі әкімінің орынбасары Кен­же­хан Дәлелбек сауда-эконо­микалық әріптестік туралы келісімге, Жеті­су облысынан барған делега­цияның мамыр айындағы са­па­рының отырысындағы протоколына қол қойып, қос тараптың тиімді әріптестігіне қажетті жұмыс то­бының құрамы бекітілді. Енді ал­дағы қарым-қатынасқа қа­жет­ті жобаларды жүзеге асыруды құ­рамы жаңадан бекі­тілген жұмыс тобын қолға алып, нақты компаниялармен жұ­мыс істей бастайды.

Іле Қазақ автономиялық облысынан келген делегация екі күннің ішінде «Нұр жо­лы» автокөлік өткізу бе­ке­тіне ба­рып, «Қорғас – Шы­­ғыс қақ­пасы» арнайы эконо­ми­ка­лық аймағы­ның жұмы­сы­мен, Панфи­лов ауданындағы ауыл­шаруа­шылық саласының да­муымен танысты.

 

Жетісу облысы