Елімізде 120 мыңға жуық адамға шетелге шығуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шекара асуға борышкерлер тізіміне енгендіктен шектеу қойылған. Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше, олардың қарыз көлемінің жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асып кеткен. Борышкерлердің ішіндегі 223 адам - шетел азаматы.
Шетелге баруға шектелгендердің көбі ер адамдар екен.
Министрлік өкілдері шетелге шығарда әуелі борышкерлер реестрінде бар-жоғыңызды білу үшін жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу арқылы тексеріп көруге кеңес береді.