Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:
I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы,
II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы, III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.
Сонымен бірге, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:
«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы, 1 орын — Абай облысы, 2 орын — Қарағанды облысы, 3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.
Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауда еліміз бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар сайысқан болатын. Жас дарындар Абай оқуларына 6 номинация бойынша қатысты.