Қарағанды облысының тұрғыны Токио қаласында өткен арба би спорты бойынша халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық заманауи және спорттық би федерациясының жаттықтырушылары Айгүл Балмағамбетованың қабілетін байқап, одан әрі дамыта бастаған. Бүгінде ол - елдің параби федерациясының өкілі.
Ол би сабақтарында бірнеше рет Болгария, Германия, Италия, Ресей, Словакия би алаңдарында жарыстарға қатысқан.
2021 жылы Италияда өткен жарыста үшінші орын алған, ал осы жолы Жапонияда да жүлдегерлердің үштігіне енген А.Балмағамбетова қараша айында өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Айгүл Балмағамбетова 12 жылдан бері облысқа қарасты Саран қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады.