• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 18 Тамыз, 2023

Шахтадағы өрттің өкініші

243 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының іргесіндегі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында апат болды. 170 метр тереңдікте өрт шыққан. Конвейер таспасы өртеніпті. Зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар төрт адамды іздестіруде. Бір кеншінің денесі табылды. Шахта ішіндегі қою түтіннің салдарынан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Жер астында 227 адам бол­ған. Басым көпшілігі жер бетіне шығарылды. Төрт кенші әлі та­былған жоқ. Эвакуациялан­ған­дардың сегізі көміртегі то­тығымен уланған. Екі кенші­нің жағдайы ауыр. Олар Қара­ғандыдағы профессор Х.Ж.Ма­қажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ал қал­­­ғанына қойылған диагноз: ор­таша деңгейде ула­­нған. Олар­ға Шахтинск қаласында ал­ғашқы көмек көрсетіліп, Қа­рағандыдағы ауруханаға жет­кізілді. Қазір дәрігерлердің бақы­­лауында.

– «Қазақстан» шахтасында зардап шеккен екі адам профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына жет­кізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағ­дайын тексерді. Алдын ала диагноз – шахта газдарымен жедел ингаляциялық улану, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен улану, токсико-гипоксиялық энцефалопатия, уытты бронхит. Олар реанимация бөлімшесіне жатқызылды, – деді аталған ауру­хананың токсикология бөлім­шесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологі Сәуле Смағұлова.

Өкінішке қарай, төрт кенші табылмай жатыр. Іздестіру жұ­мыстарына қою түтін ке­дер­гі келтіруде. Бұл туралы «Ар­се­­лорМитталТеміртау» тау-кен сегменті атқарушы дирек­торы­ның орынбасары Сергей Огай мәлім етті.

– Сағат 16:40 жағдай бойын­ша 5 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарымен диспозиция бойынша шахтада орналасқан 12 бөлімшенің 5-еуі айналысады. Жұмысшыларды іздеуге тау-кен орнындағы қалың түтін кедергі келтіріп отыр. Қо­сымша ақпарат тағы беріле­­ді, – дейді Сергей Огай.

«Қазақстан» шахтасында болған апаттардың бір парасы мынадай: 2017 жылы 31 тамызда таңғы сағат 04:21-де шахтада кенет көмір мен газ атқылаған. Сол уақытта жердің астында 136 адам болған. Өкінішке қарай, үшеуі қаза тапты. 2020 жылдың ақпан айында дәл осы шахтада өрт шығып, жүзден аса адам сыртқа шығарылған болатын. Жүз метр тереңдіктегі көмір алқабы жарығынан метан шығып, арты өртке ұласқан. Абырой болғанда, кеншілер аман қалған еді.

Аталған шахта алпауыт ком­пания «АрселорМиттал Тем­ір­­­тауға» қарайды. Қарап отыр­саңыз, мұндай апатты жағ­дайлар, оқыс оқиғалар жиі орын алады. Тіпті, жылда десек те жаңылмаймыз. Былтыр да осы компанияға тиесілі Абайдағы «Ленин» шахтасында метан жарылып, 5 кенші қаза болған еді. Сонда компанияның атқа­рушы директоры Виджай Гоэль алдағы уақытта қайғылы жағ­дай қайталанбас үшін компа­ния­ның шаралар кешенін қабыл­дайтынын айтқан болатын. Ке­шегі оқиға жарылыс емес, өрттен туындап отыр. Де­ген­мен қауіпсіздік басты бақы­лауда болуы керек емес пе?

«Жұмысты жақсарту үшін сырттан сарапшылар тартылады. 1 млрд доллар көлеміндегі инвестиция ендігі нәтижесін бере бастады. Бұл қаражаттар жұ­мысшыларымыздың қауіп­­сіз­­дігін, қоршаған ортаны қор­ғауға және құрал-жабдықты жаң­ғыртуға жұмсалады», деген еді Виджай Гоэль.

Бірақ осы тұста «Арселор» антқа берік пе деген орынды ой келеді. Қарағанды шах­таларының мұндай апатты жағдайдан арылатын күні бар ма? Алпауыт компанияның Қарағанды шахталарына иелік еткен жылдардағы апатты жағ­дай бойынша нақты статис­тика айтылмайды. Жеті қат жер астындағы еңбек етіп жүрген кеншілердің тағдырына кепіл бола алмай отырмыз. Өкінішті, әрине...

 

Қарағанды облысы