Польшада өткен оқушылар арасындағы 16-халықаралық олимпиададан алматылық өрендер жүлдемен оралды.
Әлемнің 50 елінен 200-ден аса оқушы қатысқан додада жоғары сынып оқушылары теориялық және деректерді өңдеуге қатысты тапсырмаларды орындады.
Астрономия және астрофизиканы насихаттауды мақсат еткен олимпиадаға қазақстандық оқушылар соңғы он жыл көлемінде қатысып келеді.
«Бөбек» обсерваториясы базасында дайындықтан өткен қазақстандық команданың еншісіне бұл жолы екі медаль тиді. Алматыдағы НЗМ оқушылары Ахмаджон Табаров – күміс, ал Елубай Бекасыл қола медальға ие болды.