Хорватияның астанасы – Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінде еліміздің жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалады.
55 кило салмақта өнер көрсеткен Нұрлан Исатаев түрікменстандық Шахруз Шаназаров, армениялық Лиова Спарянды, америкалық Янг Джонатанды айқын басымдықпен ұтып, финалда грузиялық Мераби Самадашвилиді сан соқтырды. Қыздар арасында Сабина Юлдашбекова 40 килоға дейінгі салмақта белдесуге шығып, ел қоржынына күміс жүлде салды. Ал қола жүлдені 55 кило салмақтағы Оралбек Байзақ жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасындағы аталған әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады. Алдағы күндері біз тағы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бәсекелерді тамашалаймыз.