• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Тамыз, 2023

Әлем тілдерін тегін үйренеді

225 рет
көрсетілді

Алматылықтар оннан астам шет тілін мең­геретін болды. «Тілдер саябағы» қалалық әлеу­меттік жобасының қатысушыларына шет тілі тегін оқытылмақ.

Қаланың 6–60 жас аралығындағы тұрғындары үшін қолжетімді курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Сабақтар саябақтарда өтетіндігі хабарланған.

Оқу біткен соң барлық белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі. Осы кезеңде 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерімен қатар саябақтарда қазақ тілі сабақ­тары да өтеді.

Жобаны Алматы әкімдігі жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

 

АЛМАТЫ