• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 29 Тамыз, 2023

ІТ жүйенің тиімділігі жоғары

251 рет
көрсетілді

Шымкенттегі білім саласы қызметкерлері­нің Тамыз кеңесіне Оқу-ағар­ту вице-ми­нистрі Айбат Ілия­сов қа­тыс­ты. Іс-шара ба­рысын­да арнайы көрме ұйым­дастырылды. Онда цифрлық техноло­гия­­лар бойынша тәрбие­лену­шілер, яғни шығар­машылық үйірме қаты­сушыларының жұмыстары қойылып, қонақтарға таныстырылды. Сонымен қатар әртүрлі цифрлық білім беру платформалары келушілер назарына ұсынылды.

Кеңесте білім беруді цифр­лан­дыру, ақпараттық-ком­му­­ника­тивтік технологиялар, электронды оқулықтар, көп­мәдениетті ортаны қалып­тастыру, дәстүрлер мен инновацияларды синтездеу жайында сөз қозғалды.

– Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың­ сай­лауалды бағдар­лама­сын­да­ғы тапсырмасына орай, оқу құралда­рын цифрлық фор­матқа көшіріп, білім берудің инновациялық жолдарын қа­растыру міндеттелді. Бұл – өте маңызды қадам. Ол білім беру сапасын жақсартуға ба­ғыт­талған. Осы ретте қала мен ауылдағы орта бі­лім алшақ­тығын қысқарту мақ­саты тұр. Сонымен бірге педагогтер­дің цифрлық білімді оқу барысында қолдану үшін біліктілікте­рін арттыру көз­деліп отыр. Ол бірінші кезекте балалардың зейінін ашу, білімге деген құш­тарлығын ояту үшін қажет. Осы­лайша, елімізде адам капиталы дами­ды. Сондай-ақ тапсырма бо­йынша балабақшалар­ға бір­ыңғай кезек платформа­сын енгізу жоспарда бар. Соның кө­мегімен ашықтық пайда бо­лып, жемқорлықтың жо­лы ке­­сіледі. Әрі ата-ана алдын­да төрт балабақшаны өз ың­ғайына қа­рай таңдауға мүм­кіндік туады. Кезек саны, жағдайы мен бос орны бар балабақшалардың ті­зі­мі жасақталады. Бұдан бөлек, оқу­шыларды оқу құралдары­на қол жеткізу, мектепке кіру және асханадан төлем жасау үшін бірыңғай картамен қам­тамасыз ету жұмыстары жал­ғасып жатыр. Мұны бар­лық мектепке енгізу қажет. Мұн­дай тәжірибе қазірдің өзінде Астанада бар. Шымкент ша­һарында да сәтті жүзеге асып келеді. Бұл өз кезегінде балалар тамағына бөлінетін бюд­жет қар­­­­жысын үнемдеуге, ата-ана­ларға ұл-қыздарының қай жер­де жүргенінен хабардар бо­­лып отыруға көмектеседі. Осы бас­тамалардың барлы­­ғы жергі­лікті ат­қарушы орган­дармен және платформа жасау­шы ком­паниялармен бірле­сіп іске асырылып жатыр, – деді Айбат Ілиясов.

Министрлік өкілінің ай­туын­ша, әрбір жергілікті ат­қа­­рушы билік конкурстық не­гізде цифр­лық платформа ұсы­нушы компа­ниялардың сер­вистік қызметін сатып ала­ды. Ал ел ішінде ІТ ком­па­ния­лар өте көп. Мұның өзі ІТ өнімдер нарығының рес­пуб­ликада жоғары қар­қын­мен дамып жатқанын көрсе­те­ді. Өз кезегінде бұл ортада бәсекелестік тудырып, мек­теп­тердің сапалы цифрлық платформаларды сатып алуға мүмкіндік береді.

А.Ілиясов жергілікті әкім­дік­тер­мен бірлесіп интернет мәсе­лесін де шешіп жатқанын мәлім­деді. Ел бойынша 7 600 мектеп сапалы интернетке қо­сылған. Шілде айында білім ошақтарындағы интернет жыл­дамдығы әлсіз болып, ол та­мызда өз шешімін тапқан. 2024 жылы республикадағы білім ұяларында техникалық мүмкін­дік 80%-ға жақ­сарады. Ал қала мен ауыл­дардағы мектептердің айыр­машылығын азайту мақ­са­тында осы жылы Ақтөбе облысында қанатқақты жобаны бастау көзделіп отыр. Ол шағын жинақты мектептер­ді жаңғырту­ға бағытталған. Осыған байланысты 134 мек­теп таңдалған. Олардың бар­лығы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда педагогтер мен мектеп әкімшіліктері инновация­лық жолмен білім беру мен цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану бо­йынша арнайы курстан өт­кен. Сонымен бірге элек­тронды оқу­лықтарға тегін қолжетімді­лік болады. Бұл тәжірибе ке­йін рес­публика көлемінде бү­кіл мек­тепке таратылады. Яғни ком­­пьютермен жабдықталу, мұ­ға­лімдердің біліктілігін арт­тыру өңірлердегі білім ошақ­тарында кезең-кезеңмен жү­зеге асырылады. Айта ке­ту керек, Шымкент қаласы мек­тептерді цифрлан­дыру және мұғалімдердің цифр­лық әле­уетін арттыру үдерісі бо­йынша өңірлер арасында ү­здік үштікке енді.

 

ШЫМКЕНТ