Елордада әр сенбі, жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, хабарлайды Egemen.kz.
Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қазан айының соңына дейін әр демалыс күндері облыстардағы тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкелер мынадай кесте бойынша өтеді:
9-10 қыркүйек – Атырау, Жамбыл облыстары16-17 қыркүйек – Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары23-24 қыркүйек – Алматы, Жетісу облыстары30 қыркүйек және 1 қазан - Ақтөбе, Қостанай облыстары7-8 қазан – Павлодар, Абай облыстары14-15 қазан – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары21-22 қазан – Қарағанды, Ұлытау облыстары28-29 қазан – Ақмола облысы
Жәрмеңкелерде жаңа піскен көкөністерді, жемістерді және басқа да табиғи өнімдерді тікелей отандық фермерлерден сатып алуға болады, бағасы нарықтан арзан.