• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қыркүйек, 2023

Әділдік болмай, ілгері жылжу жоқ

219 рет
көрсетілді

Биылғы Жолдаудың бұған дейінгі құжаттардан көп ерекшелігі бар. Ең бас­тысы, құжат уақыттың өзі алдымыздан шығарып отырған көптеген кезек күттірмес мәселені шешу жолдарын қамтығандығымен құнды. Соның ішінде ең алдымен, экономика саласындағы күрделі мәселе қозғалып отыр.

Президент алға қойып отырған міндеттерді шешу үшін өз ісінің маманы, білікті кадрлар керек екені сөзсіз. Осыған орай кейінгі күндері елімізде кадрлық ауыс-түйіс болып жатыр. Мұның бәрі Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау үшін жасалынып жатқан алғашқы қадам деп түсінемін. Дегенмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың әл-ауқаты көтеріліп, келешегі жарқын болуы үшін адал азаматтардың ел тұтқасын ұстауы туралы айтты. Оған көп адам назар аудармаған сыңайлы. Барлық реформаның сәтті жүзеге асуы үшін өз ісін шебер меңгерген кадрлардың керектігі өз алдына, ең алдымен олар қызметіне және еліне адал азаматтар болғаны маңызды.

Адалдық дегеннен келіп шығатын тағы бір өзекті мәселе бар. Жолдауда көп бастама көтерілді, келелі олар айтылды. Мұндай жақсы бастамалар бұған дейінгі Жолдауларда да айтылғанын білеміз. Бірақ соның көбі орындалған жоқ. Неге? Өйткені оған қоғамды жайлаған жемқорлық мүмкіндік бермеді. Реформалардың адымын аштырмады. Сондықтан біз ел өміріне жауапты тұтқаларға адал азаматтарды әкеліп, сыбайлас жемқорлық індетін біржола шешіп алмай, Жолдауда айтылған сөздер сол сөз күйінде қала беретін болады. Себебі халықтың жағдайын емес, алдымен өзінің жемсауын ойлайтын шенеуніктер әртүрлі себеп тауып, Мемлекет басшысы ұсынып отырған реформалардың жүзеге асуына кедергі келтіреді.

Президент айтып келе жатқан «Адал азамат» ұғымының маңызы зор. Әділ­дік бар жерде береке болады, бір­лік артады.

 

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері