• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ұстаз 12 Қыркүйек, 2023

Әзербайжандық ұстаздарды оқытты

272 рет
көрсетілді

Бакуде әзербайжандық мұғалімдердің үлкен тобына «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қарасты Педа­го­г­икалық шеберлік орталығының сертификаты табыс етілді.

Әзербайжан Республикасы­ның Ғылым және білім министр­лігі мен «Назарбаев зияткерлік мек­тептері» дербес білім беру ұйы­мы арасын­дағы кең ауқымды ын­тымақтастық шетел­дік мұға­лім­дердің біліктілігін арттырып, отандық зияткерлік техноло­гия­ларды әлемдік білімге сәтті транс­ля­циялаудағы жүйелі жұ­мы­сты жалғас­тыруға мүм­кіндік беріп отыр. Соған орай Педагогикалық ше­бер­лік орталығының кәсіби даму бойын­ша «Заманауи мұғалім: оқытудан – зерттеуге» атты бағ­дар­ламасы әзірленіп, биылғы тамызда елордада әзербайжандық мұға­лімдердің оқуы басталды.

«Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйы­­мы­ның басқарма төрағасы Әнуар Жан­­ғозиннің айтуын­ша, аталған курс за­­манауи бі­лім бе­рудің сұранысқа ие басым­дық­тарына, соның ішінде әлемдік педагогиканың жаһандық тренд­тері мен оқытушының нақты құ­рал­дарына арналған. Бауырлас елдің мұғалімдеріне арналған оқу бағдарламасы Жаһандық білім беру жөніндегі комиссияның Азия хабы бойынша комиссары Күләш Шәмшидинованың ашық дәрісімен бастады.

– «Заманауи мұғалім» ауқым­ды бағдарламасы зерттеу тәжіри­бесі арқылы рефлексиялық оқы­туды дамытуға, сабақты жос­пар­лау мен бағалауда кәсіби құ­зы­рет­тіліктерді арттыруға, қа­зір­гі педагогикалық құралдар­ды көбейтуге, Lesson study жә­не Action Research негізгі көрсет­кіштерін түсінуге бағытталған. Әзер­байжан Республикасының Ұлттық куррикулумын ескере оты­рып, халық­аралық сертифи­кат­таудан өткен біздің орта­лық­тың «Тиімді оқыту» және «Мұ­ғалім тәжірибесіндегі зерттеу­лер» бағдарламалары негізінде құрас­ты­рылған. Кембридж уни­вер­ситеті­нің кеңесінен халық­аралық сертификат­таудан өткен Педагогикалық шебер­лік орта­лығының табысты тренер­лері Раушан Әбішева мен Гүлжан Зейнолдина әзербайжандық әріп­тестерімен жұмыс істеді, – деді Педаго­гикалық шеберлік орта­лығы­ның директоры Жанбота Қабды­кәрімова.

Астана мен Бакуде өткен оқыту­дың екі кезеңінде тұжы­рым­­дамалық жоспарлау, мектеп мәде­ниеті және балаға қолай­лы орта, мотивациялық әрі аффек­тивті тео­риялар, сыни тұр­ғы­­дан ойлау, инте­рак­тивті және инк­люзивті оқыту, функ­цио­нал­дық сауаттылық секілді не­гізгі тақырып­тар қамтылды.

Педагогикалық шеберлік ор­та­­лы­ғының кәсіби жетістік­тері, мәселен беделді еуропа­лық ACQUIN институтын­да бағдарлама аккре­дитация­лары­ның тұтас сериясы, отандық бі­лім­ге Lesson study және Action Research енгізудегі табыс­ты жұмысы және келесі жылы ТМД-да алғаш рет өтетін Дү­ниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының WALS дәс­түрлі конференциясы әзер­бай­жандық мұғалімдердің айрықша қызығушылығын туғызды.

– Біз күн сайын Астана мен Бакуде Қазақстандағы әріптес­тері­міздің немен таңғалдыратынын асыға күтіп жүрдік. Шеберлік орталығының заманауи мұғалімнің жетістігі өзіне деген сенімділіктен басталады дегені сенімімді арттырады, – деді Әзер­байжанның еңбек сіңірген мұғалімі Флора Алиева.