• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жұмыс 14 Қыркүйек, 2023

Жұмыс жәрмеңкесі

329 рет
көрсетілді

Бір адам жұмыс тапса да олжа. Жезқазғанда өткізілген жұмыс жәрмеңкесі осындай мақсатты көздеді. Қала әкімдігі мен «Мансап» орталығы бірлесіп, ашық аспан астында ұйымдастырған жәрмеңкеге жұмыс берушілер де, іздеушілер де қызығушылық танытты.

Жәрмеңкеде қаладағы 24 мекеме 360-қа жуық жұмыс орнын ұсынды. Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Ұсы­нылған жұмыс көптің көңілінен шыға бермейтіні де рас. Жәрмеңке қоры­тындысында 19 адам тұрақты жұмыс орнын тапты. 12 адам жұмыссыздық жағдайы бойынша тіркеуге алынды. 15 адам жұмыс орындарына барып, нақты танысуға ниет білдірді.

– Ауа райының қолайлы сәтін пай­даланып, жәрмеңкені ашық алаң­да өткізгеніміз дұрыс болыпты. Қызығушылық танытқандар көп. Бір жағы көпшілік ән-күй тыңдап, көңілін көтеріп, бір серпіліп қалды. Мұндай жобаны алдағы уақытта одан әрі жалғастырамыз, – дейді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев.

Жәрмеңке барысында жұмыс тауып, алғаш еңбек жолын бастайтын жастарға еңбек кітапшалары салтанатты түрде табысталып, естелік сыйлықтар тапсырылды.

 

Ұлытау облысы,

Жезқазған қаласы