Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қарасты Педагогика және психология институтында коворкинг орталығы ашылды.
Орталықтың ашылуында Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дархан Біләлов: «Заманауи және инновациялық білім беру орталығы студенттер үшін білім алуға, тың тақырыптар бойынша пікір алмасуға, жаңа технологияларды игеруге толық мүмкіндік береді» деп атап өтті.
Университет басқарма төрағасы ректорының міндетін атқарушы Клара Исақова орталықты ашуға қолдау көрсеткен демеушілерге және университет ұжымына алғысын білдірді. Оқу орны ғылыми зерттеу жұмыстарына мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылыммен, жаңа құрал-жабдықтармен, кітапхана қорымен қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Коворкинг орталық жаңа ізденістерге жол ашады. Мұнда студенттерге, оқытушылар мен зерттеушілерге бірлесіп жұмыс істеуге идеяларды жүзеге асыруға жағдай жасалған.
АЛМАТЫ