• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Университет 18 Қыркүйек, 2023

Әлеуметтік жеңілдіктер ұсынды

141 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жыл ба­сы­нан бері профессор-оқытушылардың жалақысы көте­ріл­ді. Олардың әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлініп отыр.

Университет басшылығының шешімімен профессор-оқытушылар құрамы мен бүкіл ұжымға арналған әлеуметтік нысаналы көмекті күшейту мақсатында жақында Кәсіподақ ұйымы құрылып, бюджеттен қаржыландырылатын болады. Осы жылдың қазан айынан бастап кәсіподақ мүшелері Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүру билетімен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезде университеттің қызметкерлері мен студент­тердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қолдау мақсатын­да арнайы әлеуметтік дүкен ашылып, жұмыс істей бастады. Мұнда күнделікті тұтынатын азық-түлік қаладағы басқа сауда орындарына қарағанда 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады. Алдағы уақытта қызметкерлер мен студенттер үшін фермерлік қожалықтардан тікелей ауыл шаруашылығы өнімдері (ет, май, картоп, көкөніс, жеміс-жидек, т.б.) көтерме сауда бағасымен жеткізілетін болады. Сондай-ақ cтуденттер үшін арнайы асхана жұмыс істесе, қызмет көрсету орталығында да «бір терезе» қағидатымен анықтама алу, онлайн өтініш беру сияқты көптеген қызмет түрі қолжетімді.

 

АЛМАТЫ