Мәжілісте Қазақстан мен Кипр қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге келісті. 2022 жылы қол қойылған Қазақстан мен Кипр арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт бүгін жалпы отырыста ратификацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құжатта көмектің тізімі, көмек беруден бас тарту негіздері, құпиялылық туралы шарттар, екі тараптың аумақтарында алынған мәліметтерді немесе дәлелдемелерді пайдаланудағы шектеулер айқындалған. Сондай-ақ қылмыстық қызметтен түскен заттарды, құжаттарды, қаржы активтерін және басқа да кірістерді анықтау, табу, шектеу қою және тәркілеу бойынша көмек көрсету шарттары көрсетілген», деп жазылған.
Шартты жүзеге асыру арқылы Қазақстан мен Кипр қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайта түспек.