Ақтөбеде Ұлттық ұланның «Үздік жүргізушісі» және «Үздік БТР экипажы» атағы үшін өтетін байқаудың соңғы кезеңі аяқталды. Байқауды өткізудің негізгі мақсаты – әскери жүргізушілердің, БТР экипаж мүшелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Сондай-ақ әскери жүргізушілер қызметінің тиімділігін арттыру мен оларды әскери қызметке бекіту, әскери бөлім бөлімшелерінің неғұрлым кәсіби дайындалған БТР экипаждарын анықтау, сондай-ақ алдыңғы қатарлы бөлімшелердің оң тәжірибесін зерделеу де назардан тыс қалмады.
Әуелі сынақ құрлықта әскери жүк техникасын жүргізу және БТР басқару бойынша жарыстар Ақжар кентінің 6655 әскери бөлімінің автодромында өтті. Байқаудың шешуші кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты, оның ішінде төрт өңірлік қолбасшылық, Ұлттық ұлан академиясы, сондай-ақ тікелей бағыныстағы әскери бөлімдер болды. Ал бұған дейінгі байқаудың іріктеу кезеңдері әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар базасында өткен-ді. Жарыс үш күнге созылды. Басында ұландықтар алғашқы медициналық дайындық көрсету, әскери техниканың техникалық сипаттамаларын айту және оны пайдалану, жол қозғалысын реттеуге арналған жолаушыларды қолдану бойынша жарысты, сондай-ақ олардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдері тексерілді.
Ал байқаудың екінші күні Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің «Алға» полигонында өтті. Қатысушылар атыс дайындығы бойынша практикалық сабақтар барысында жауынгерлік машиналар құрамында ату жаттығуларын орындады. Оның ішінде АК-74 нысаналары, сондай-ақ белгіленген нысандар бойынша НСВ 12,7 мм ірі калибрлі пулеметтен оқ жаудырды. Сонымен қатар олар БТР-80 көлігінде отырып өздерінің табельдік қаруларымен қозғалмайтын және қозғалатын нысандарға оқ жаудырды.
Жалпы, байқаудың ең әсерлі сайыстары соңғы күні болды. Экипаж мүшелері танкке қарсы арық, жол көпірі, мина-жарылыс жолағы, жалпы қоршау, тік түсу және көтерілуді қамтитын ұзындығы 5 км-ден асатын жолда кедергілерді еңсере отырып, практикалық жүргізуді көрсетті. Байқауға тоғыз бронетранспортер мен 9 әскери «КамАЗ» жүргізушісі қатысты. Жол барлығына бірдей болды, тек БТР командасы әлі де ұрыс алаңынан сәтті өтуі керек болды.
Стартқа бірінші болып «КамАЗ» жүргізушілері шықты. Байқауға екі көлік бөлінді. Экипаждар бірінен соң бірі «сегіз» санына ұқсас жолды айналып, тар жолдан да өткен соң, «жарылғыш» миналардың жанынан өтіп жарысты. Нәтижесінде, үш күндік жарыстың жеңімпаздары да анықталды. Ұлттық ұланның үздік жүргізушісі болып 6654 әскери бөлімінен келген аға сержант Б.Ахметқалиев танылды. Ал күміс пен қоланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5516 әскери бөлімінің жүргізушісі, аға сержант Ж.Көкен пен 3656 әскери бөлімінің жүргізушісі сержант Е.Бедешев өзара бөлісті.
«Ең бастысы, батылдық керек. Сондай-ақ ұстамдылық пен жүргізушінің жақсы жүрісі де маңызды. Қалғанының бәрі де соған байланысты. Мен экстремалды және адреналинді сезіндім. Бір сөзбен айтқанда, өз нәтижеме ризамын, финалдық жарыста лайықты жеңіске жеттім», дейді жарыс туралы сержант Бауыржан Ахметқалиев.
Содан кейін кедергілер жолағына БТР экипаждары шықты. Бұл жарыстардың ерекшелігі – экипаждар бір-бірімен үнемі жұмыс істемейді. Олардың құрамында келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де, арнайы дайындықтан өткен және осындай күрделі техникаға жіберілген мерзімді сарбаздар да бар. Экипаждар БТР-ге қарсы қолданылатын арық, «жылан», көтерме көпір, миналанған өткел, габаритті аула, габаритті «сегіздік», тік көтерілу және түсу, теміржол өткелі, аппарель, косогор сияқты кедергілерді еңсерді.
«Бронетранспортер жүргізушілерінің кәсіби шеберліктерін тамашалау ерекше әсер береді. Алдымен олар шұңқырды, көтерме көпірді еңсеру, жылдамдықпен көтерілу және тоқтау, сондай-ақ атыс тәсілдерін орындауы керек. Бұл ретте олар кідірместен, артқа шегінбей қозғалып, қабырғалар мен шектеу тіректерін соғып алмауы қажет. Осы жолы БТР экипаждары әртүрлі дәрежедегі кедергілерге тап болды», деп атап өтті 3656 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрсейіт Қамбаров.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды 6654 әскери бөлімінің командасы, екінші орынды «Орталық» өңірлік қолбасшылығының командасы, үшінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жеңіп алды.
Айтпақшы, Ұлттық ұланның «Үздік жүргізушісі» және «Үздік БТР экипажы» байқауының соңғы экстремалды кезеңіне құрметті көрермен ретінде «Аяла» балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілері шақырылды. Мұнда балалар үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Өз кезегінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Бас қолбасшысының атынан кеңсе керек-жарақтарын сыйға тартып, балаларды қуантты.