• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2023

Инспекциялық сапарлар басталды

134 рет
көрсетілді

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкім­де­рін сайлау жөніндегі нау­қанды ұйымдастыру және өткізу аясында 26-29 қыркүйек аралы­ғын­да Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров және ОСК мүше­лері Сәби­ла Мұстафина мен Анас­тасия Щегорцова Сол­түстік Қазақстан, Ақ­мола және Шығыс Қазақ­стан облыстарына барды.

Инспекциялық сапарлардың негізгі мақсаты – алдағы әкім­дерді тікелей сайлауды өткізетін аудандық сайлау комиссияларына баса назар аудара отырып, өңірлік сайлау органдарына әдістемелік көмек көрсету және оқыту. Инспекциялық сапар барысында азаматтарды науқан кезеңдері мен дауыс беру күні туралы ақпараттандыру мәсе­лесіне ерекше назар аударылды.

Солтүстік Қазақстан облы­сына сапары кезінде ОСК төр­ағасының орынбасары Конс­тантин Петров семинар-кеңес­тердің жұмысына қатысты. Жиын­да облыстық мәсли­хат депутаттары әкімдерді сайлайтын үш ауданды анықтаған. Олар: Есіл, Тимирязев және Мәмлүт.

Кеңес барысында сондай-ақ аумақ­тық сайлау комиссиялары, аудан­дардың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндады. Олар сайлау науқанының негіз­гі ерекшеліктері, сайлауды ұйым­­дастырудан бастап дауыс беру күніне дейінгі сайлау рәсімдері, әкімге кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі, сайлау алдындағы үгіт жүргізу, учаскелік сайлау ко­миссияларының сайлауға дайын­дық кезеңінде және оны өткізу күніндегі қызметін түсіндіріп өтті.

Семинар-кеңестердің қоры­­тын­дысы бойынша ОСК төр­ағасының орынбасары К.Пет­ров аудандық сайлау комис­сия­лары мүшелері мен учаске­лік сайлау комиссиялары төрағала­рының сұрақтарына жауап берді.

Ал ОСК мүшесі Сәбила Мұс­та­фина аумақтық сайлау комис­сияларының Ақмола об­лы­­сындағы учаскелік сайлау ко­миссияларының төрағаларын, төрағаларының орынбасарлары мен хатшыларын оқытуға қатысты. Мәслихаттар сайлау өтетін бес аймақты – Ақ­көл, Астрахан, Жақсы, Есіл және Шор­тан­ды аудандарын белгілеген.

Оқыту семинарлары шеңбе­рін­де өткізілген «Дауыс беру күні» іс­­кер­лік ойыны барысында дауыс беру күнінің барлық кезең­­де­рі егжей-тегжей қаралды. Соны­мен қатар УСК мүшелері үшін сай­лауға қатысушылардың құқық­тары мен міндеттері туралы кейс тап­сыр­малар дайындалды, дауыс беру күні туындайтын стандартты емес жағдайлар модельденіп, олар­ды шешу әдістері түсіндірілді. Се­ми­нарлар қорытындысы бойын­ша оқуға қатысушылар сайлау заңна­масын білуге тестілеуден өтті.

Шығыс Қазақстан облысы­ның мәслихаттың шешімімен әкімдердің алғашқы тікелей сайлауы өтетін Алтай және Глубокое аудандарында ОСК мүшесі Анас­­тасия Щегорцованың қаты­­суымен сайлауды дайын­дау және өткізу бойынша көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылды.

Семинарларда жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдері сөз сөйлеп, сайлауға дайындық және науқанды өткізу кезеңінде заңдылықты сақтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сайлау комиссиясының мүшелері үшін іскерлік ойын өткізіліп, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күні тиісті іс-қимыл алгоритмімен жұмысы көрсетілді. Оқыту тренингтеріне 500-ден аса сайлау комиссияларының мүшесі қатысты.

Семинар барысында А.Ще­гор­цова азаматтарды сайлау науқанының барысы туралы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ғана емес, басқа да коммуникация құралдары арқылы уақытылы хабардар етудің маңыз­дылығын ерекше атап өтті.

Бұдан басқа, ОСК интернет-ресурсы арқылы әкімдер сай­лауын ұйымдастыруға және өткізуге тартылған аумақтық және учаскелік сайлау комис­сия­ларының мүшелеріне қа­шық­тан оқыту және тестілеу ұйым­дастырылады. Сондай-ақ Электоралдық оқыту орталығы­ның базасында барлық облыстың және 45 ауданның және облыстық маңызы бар қаланың аумақтық сайлау комиссияларының мүше­леріне арналған бірқатар онлайн-семинарлар жоспарланып отыр.