• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қазан, 2023

Дін саласының білікті мамандарын даярлау талқыланды

274 рет
көрсетілді

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Қарағанды қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өткізілді.

Осы  жылдың 25-26 қыркүйегінде Қарағанды қаласындағы, Карағанды техникалық университеті базасындағы «Жастар Әлемі» жастар сарайының мәжіліс залында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ және т.б мамандары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы, педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы және нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы семинар өткізді.

Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбында аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.

Шакимова Лола Сергеевна «Применение основ профайлинга для выявления группы риска в молодежной среде» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами ДРТ» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.

Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы «Методологические основы работы с детьми приверженцами деструктивных религиозных организации и их родителями» тақырыбы аясында қатысушыларға деструктивті діни ағым жетегінде кеткен отбасылармен әңгіме жүргізу, байланыс орнату және өзін-өзі ұстау жолдарын түсіндірді. Оның үстіне, «Идейное противодействие экстремизму в контексте ресоциализации осужденных за экстремисткие и террористические преступления» тақырыбымен жазасын өтеушілердің арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жүргізу, психологиялық бейнесін анықтау және жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері туралы сөз қозғады. 

Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбында кездесіп, мамандардарды психологиялық денсаулықты ұстап, психикалық этикалық принциптерге сүйене отырып жұмыс жасау әдістерін түсіндірді.  Келесі кезекте «Влияние детских травм на жизнедеятельность личности» тақырыбында семинар оқып, терроризм мен экстремизмді туғызатын психологиялық аспектер, оған ілінетін адамдардың сипаттамасы, және психологиялық түп-тамырын анықтау әдістерін атап өтті. Дәріскер қатысушыларға адамдармен жұмыс жасау кезінде стресс мөлшерін жеңілдетуге бағытталғын тренинг өткізді.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.