• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Қазан, 2023

«Кәусардағы» ақын кеші

228 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жа­нындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бiрлестiгiнде ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылым­дарының докторы, профессор Бауыржан Жақыппен кездесу кеші болып өтті.

Кешке ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жай­лыбай, академик Уәлихан Қа­­ли­жан, әдебиеттанушы Бауыр­­жан Омаров, әншілер Ай­т­бек Ны­ғыз­баев, Гүлмира Сари­на, белгі­лі күйші Жанғали Жүз­бай және елордалық зиялы қауым өкіл­дері қатысты.

Кештің әлқиссасы универ­ситет студенттерінің  ақын өлең­дерін жатқа оқуымен ашыл­ды. «Домбыра», «Үш тал үкі», «Ала­ша», «Қолтаңба» сынды өрелі өлең­дер оқырман қауым­­ның ықы­ласына бөленді.

Ақын Ғалым Жайлыбай қа­лам­герге арнау жырын оқыды.

– Бауыржандардың буыны әдебиетке үлкен толқын болып келді. Бауыржан Омаров бұл буын туралы жақсы жазып жүр.  Бауыржан Жақып – өз әлемі,  өз болмысы, табиғаты бар ақын. Жаңа оқылған «Алаша», Үш тал үкі» сынды өлеңдер ұлт поэзия­сының жетістігі деп айтар едім,–деді ол.      

Белгілі журналист, ғалым Бауыр­­жан Омаров студенттік шақ­­­­тар­ды еске алып, ақын досы­ның жырын жатқа оқы­ғанда көрер­­мен қауым риза­лықпен қол соқты.

«Біздің кездегі студент­тердің бәрі оқуға өлең жазып келетін. Бәсекелестік өте жоғары еді. Свет­қали Нұр­жан, Бауыржан Үсенов, Нұр­лан Мәукенұлы, Гүлнар Са­лықбай, Бауыржан Жақып сын­ды ақындар жыр жазатын. Бауыржан Жақып барлық жас ақындар секілді әуелі махаббат лирикасынан бастады, түрлі эксперименттерге барды. Ол жырлар Алматының сол кездегі ауасы сынды тап-таза, мөлдір болатын», – деді Б.Омаров.

Сұрақ-жауап форматында өткен кеште әрқилы сауалдар қойылып, ақынның өлеңімен бір­ге өмірінен қызықты сырлар ақта­рылды. Бауыржан ақын жа­қын­да өмірден өткен ақын ағасы Несіпбек Айтұлын қайғы­ра ес­ке алып, оның қазақ поэзия­сын­дағ­ы биік орыны туралы айтты. Алдыңғы буын ағаларымен бір­ге соңынан ерген інілерінің атын атап, зор үміт күтетінін жеткізді.

Кеш соңында ақын университет кітапханасына кейін­гі кездері шыққан бес кіта­бын сыйға тартса, ректор Ер­лан Сыдықов ақынға уни­верситеттің ең жоғары марапаты «Күлтегін» медалін тағып, құрмет көрсетті.