Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Канкунде (Мексика) өтіп жатқан WTA финалдық турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Рыбакина екінші айналымда грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:7 (4), 7:6 есебімен ұтты. Осы жеңісінің арқасында Лена топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
Екінші айналымның тағы бір кездесуінде Джессика Пегула әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы 6:4 6:3 есебімен ұтып, турнирдің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты.
Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.
Ал Александр Бублик Париждегі Мастерстің үшінші кезеңіне шықты. Қазақстан теннисшісі екі тайбрейкте Чили өкілі Николас Гарриді 7:6 (3), 7:6 (3) есебімен жеңді. Ширек финалға шығу үшін Бублик ресейлік Даниил Медведев пен болгарлық Григор Димитров арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.