Талдықорған қалалық полиция бөлімінің бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді ерекше бақылауға алды.
«Қалалық полиция басшысы облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.