• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Баға 14 Қараша, 2023

Азық-түлік бағасын бақылау тапсырылды

129 рет
көрсетілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру жағдайы өңірлік әкімдіктерінің жеке бақылауларына өтеді. Қараша айы жылдық азық-түлік инфляция деңгейін қалыптастыратын шешуші ай болмақ. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырмадан бастады.

Сауда комитетінің мәлі­метінше, қарашаның бірінші аптасында ӘМАТ бағасының өсімі 0,1% құрады, негізгі драйвер – жұмыртқа бағасының мау­сымдық өсуі (1,7%). Соны­мен қатар қарақұмық (-0,2%) және күнбағыс майы (-0,1%) баға­сының ұзақмерзімді тө­мен­деу үрдісі жалғасып отыр. Көкөніс бағасының маусымдық төмендеуі: картоп (-1,7%), пияз (-1,2%), қырыққабат (-1,3%), сәбіз (-1%) тіркелді.

Жұмыртқа бағасының едәуір өсімі Алматыда бай­қал­ды – бір аптада 3,7%. Бұл жерде басқа өңірлердің ара­сында жалғыз ғана пастер­ленген сүттің бағасы өсті (1,2%). Маусымаралық баға­ның көтерілу қаупін ескере отырып, Серік Жұман­ғарин әкімдіктерге өңір­лер­дегі әлеуметтік азық-түлік бағасының жағдайын жеке бақылауды тапсырды. Бәсе­ке­лестікті қорғау және дамыту агент­тігі ірі өндірушілер ара­сын­дағы баға өсімінің себеп­терін талдау және анықталған фактілер туралы келесі аптада хабарлауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің мәліметінше, бүгінде өңірлерде көкөніс, қант, қарақұмықтың барлық қажет­ті қоры қалыптастырылған. Күріш бойынша артта қалу­лар бар – мердігерліктің жал­пы пайызы қажетті сұра­ныс көлемінің 86%-ын құрай­ды. Артта қалғандардың қата­рын­да Алматы (94%), Батыс Қаза­қстан облысы (64%), Қара­ғанды облысы (28%), Маң­ғыс­тау облысы (61%), Солтүс­тік Қазақстан облысы (74%) бар.

«Форвардтық сатып алу шарттарын қайта қалыптастыру бойынша, сатып алу схемасына көшу үшін кемінде 70% – тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілері мен қайта өң­деушілерден, тек 30% – сау­да желілері мен көтерме сау­дагерлерден, бүгінгі таңда арт­та қалған 8 өңірдің 5-уі Алматы, Атырау, Шымкент қала­ларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісімшартқа көшкен», деп хабарлады Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Вице-премьер барлық өңірлерге құс фабрикаларын айналым қаражатымен қол­дауға ерекше назар аудара оты­рып, осы жұмысты бір апта мерзімде аяқтау міндетін қойды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2023-2025 жылдарға арналған көкөніс сақтау қоймаларын салу бойынша кешенді жос­парды іске асыру жағдайы туралы баяндады. Бүгінгі таң­да Қазақстан бойынша қуаты 1 822 мың тонна көкөніс пен жеміс сақтайтын 901 нысан бар (499,7 мың тоннаға 257 картоп қоймасы, сыйымдылығы 1 186 мың тоннаға 580 көкөніс қоймасы, 136,9 мың тоннаға 64 жеміс-жеміс қоймасы).

«Кешенді жоспарға сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында жалпы қуаттылығы 689,9 мың тонна болатын 92 сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр, бұл жалпы сақтау қуаттылығын 2,4 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Біз өз есептерімізде ха­лық санына және олардың қажеттілігін жеміс-көкөніс тобымен қамтамасыз етуді негізге аламыз. Сонымен қатар өңірді, көкөністердің негізгі өндірушілерін есептейміз, бұл Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, СҚО, онда мал өн­дірісі нормадан көп және олар ірі қалалардың азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз етеді. Мысалы, елорданың азық-түлік белдеуін Павлодар мен Қарағанды облыстары, Ал­маты қаласын Алматы мен Жамбыл облыстары қам­та­ма­­сыз етеді. Қажетті сақтау орындарының болуы шарт», деді Азат Сұлтанов.

Жоспарға сәйкес биыл сыйымдылығы – 272 мың тонна, 2024 жылы – 206 мың тонна және 2025 жылы – 160 мың тонна сақтау орны пайдалануға берілуге тиіс.

«Көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған қосымша орын салу жобаларының басты желісі суару, егіс алқаптары мен суармалы жерлерді ұлғайту жобаларымен қатар жүруге тиіс. Аталған міндетті жергілікті атқарушы органдар бақылауға алуы керек. Біз еліміздің азық-түлік қауіпсіз­дігі саясатымен айқындал­­ған дақылдарды өсіру үшін суару жобаларына қол­жетімді қар­жы бөлеміз», деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ кеңесте күнба­ғыс өсірудің мемлекеттік қол­дау шаралары талқыланды. 2023 жылы басым дақыл­дар өндірісін қолдауға бөлін­ген субсидиялардың жалпы көлемі 9,3 млрд теңге, майлы дақылдарға 2 млрд теңге қарас­тырылған. Барлық өңірден күн­бағысты субсидиялауға Қос­танай, Алматы және Жеті­су облыстарына ғана қара­жат бөлінді. Мәселен, Түркі­стан өңірі мемлекеттік қол­дау қара­жатын сафлорды субси­дия­лауға бағыттады. АШМ мәлі­метінше, келесі жылы күн­бағыс өсіруді субсидиялауға арнал­ған қаражат көлемі шамамен сол деңгейде қалады.

«Алдағы жылдары өңір­лерде күнбағысты қайта өңдеу бо­йынша жаңа қуаттар іске қосы­ла­ды. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған зауыттар 50%-дан кем жүктелген, ал шикізатсыз, күнбағыс өсіруді субсидия­лаусыз жүктеу 20% деңгейінде болады. Қайта өңдеудің жаңа қуат­тарын салудың мәні жоқ. Бас желі жалғыз болуға тиіс – тұқымды сатып алуды қа­на­ғаттандыратын деңгейге де­йін жеткізу және күнбағыс майының тұрақты бағасын қамтамасыз ету. Мемлекеттік саясат – елімізде күнбағысты қайта өңдеуді дамыту, оны шикізат ретінде көрші елдер бізден алады. Сондықтан күн­бағыс өсіру саласын қол­дау қажет. Әкімдіктерге басым дақылдарды қолдауды анықтауда бизнес-тәсілді енгізу қажет»,  деп мәлімдеді вице-премьер.

Сондай-ақ Серік Жұман­ғарин Азық-түлік корпорациясына жаңа тауар сипаты жоқ астықты өткізу бойынша шаруаларға көмек көрсету мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.