Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Johnson & Johnson» компаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Джонсон & Джонсон» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі фармацевтикалық бөлімшесі, «Янссен» директоры Катерина Погодина хабарлады.
Меморандум аясында тараптар еліміздегі онкологиялық, гематологиялық, психикалық, АИТВ, аутоиммундық аурулар сияқты әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Бұл бағыттағы басымдық медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және пациенттерді сапалы, тиімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бағытталады. Осыған қоса тараптар әлеуметтік маңызы бар аурулардың заманауи терапиясы мәселелерінде денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру үшін ғылыми білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және пациенттердің инновациялық терапияға қолжетімдігін жақсартуға назар аударады.«Янссен» компаниясы нарықта 10 жылдан бері медицина қауымдастығын иммундық-медициналық аурулар, онкология, гематология, орфандық аурулар, психиатриялық және жұқпалы аурулар (АИТВ) сияқты әлеуметтік маңызды және созылмалы ауруларды емдеу үшін қажетті инновациялық терапиямен қамтамасыз етеді. Компания елде жұмыс істей бастаған тұстан беріге дейін оның перепараттарымен 250 мыңнан аса науқас емделген. Қазір мемлекеттік ерікті медициналық көмек аясында және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде 30 мыңға жуық пациент емделіп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және орфандық аурулары бар пациенттер үшін 15 бағыт бойынша компания препараттарының 25 түрі қолжетімді. Бұған қоса компания атаулы көмектің 40-қа жуық жобасын іске асырған. Сәйкесінше, елдің 15 өңірінде 125-тен аса пациент емделген.«Johnson & Johnson» бөлімшесі, Янссеннің ТМД елдері бойынша директоры Әділет Назарбаевтың айтуынша, Янссен бұрын емделмейтін ауруларды емдеу тәсілдерін түбегейлі өзгертетін дәрілік препараттарды зерттеу мен әзірлеуге инвестиция тартып, басымдық беріп отыр. Мәселен, былтыр компания осы мақсаттарға 14,6 млрд доллардан аса қаражат жұмсаған. Осы терапевтік инновациялардың көпшілігі елдегі пациенттер үшін де қолжетімді.– Медицинада әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған инновациялық құралдар мен терапияның қолжетімді болуы маңызды. Бұл – пациенттердің өмірін сақтап, олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға септесетіні белгілі. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласының экономикалық дамуына әсер ететін инновациялық емдеу әдістері екенін де естен шығармау керек. Біздің түпкі мақсатымыз – пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекеттік органдармен, медицина қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеу, күш біріктіру, – деп түсіндірді Ә.Назарбаев.