• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Сенат 22 Қараша, 2023

Бюджет туралы заң қаралды

162 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарды талқылады.

Қаржы министрлігі өкілінің ақпараты бойынша 2024 жылы әлеуметтік саланың шығыстары 2023 жылға қарағанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайып, 9,9 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр. Бұл қаржы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, бала кү­ті­мінің ақылы кезеңін 1,5 жасқа дейін ұлғайтуға, стипендияларды арттыруға, аза­­мат­тық қызметшілер мен пе­да­гог­тер­ге еңбекақы төлеуге ба­­ғыт­­талады.

Сонымен қатар сенаторларға экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2024 жылға 2,9 трлн теңге қарастырылғаны туралы айтылды. Олар өңдеу өнеркәсібін дамытуға, өңір­лерде жалғасып жат­қан инфра­құ­рылымдық жобаларды іске асыруға, кәсіп­кер­лік­ті дамытуға және қолдауға және т.б. салаларға бағытталмақ.

Сенаторлардың айтуынша, қа­­рас­тырылып отырған заңдар рес­­публикалық бюджеттің тең­ге­рім­ділігін қамтамасыз етуге және Ұлт­тық қордың тұрақ­тандыру функ­циясын жүзеге асыруға мүм­кіндік береді.