• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Қараша, 2023

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

188 рет
көрсетілді

Синоптиктер 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің басым бөлігіне Оңтүстік-Каспий циклоны әсер етеді. Атмосфералық фронтқа байланысты бірқатар өңірде жауын-шашын болады. Жауын-шашынның көп мөлшері Республикамыздың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күтіледі.   Жалпы Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік облыстарда бұрқасын болуы мүмкін.   Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының тау асуларында жел 23-28 м/с, кейде екпіні 30 м/с және одан да көп болады.