Мың жылдық құдалықтың рәсімі көп,
Жолы мен жорасының жасығы жоқ.
Қолына құдағидың жүзік салу –
Солардың айтар едім асылы деп.
Төркіннің құдағи жүзік өкіліндей,
Жас отау жарастығы кепіліндей.
Тілеген жат жұрттағы қыз бақытын,
Апталған алтынменен өтінімдей.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ