• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 09 Желтоқсан, 2023

«Болашақ» бағдарламасына – 30 жыл

638 рет
көрсетілді

Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған форум өтіп, оған қатысушыларға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Естеріңізге салсақ, осыдан 30 жыл бұрын отандастарымызға шетелдердің үздік жоғары оқу орындарында тәлім алуға мүмкіндік беретін халықаралық стипендия тағайындау туралы шешім қабылданғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет баспасөзі қызметінің мәліметінше содан бері елге қажетті салалар бойынша 12 мыңнан астам мамандар дайындалған. Қазіргі уақытта 2 мыңға жуық отандасымыз әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми орталықтарында білім алып жатыр.

Бағдарлама түлектері шетелде алған тәжірибелері орасандығын ерекше атап өтті. Әрқайсысы ел дамуына үлес қосуға ниетті екендіктерін білдірді.

«Мемлекет ғылымның дамуына жағдай жасауда, заманауи ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының қалыптасуына қаржы бөліп, халықаралық әріптестікті қарқынды дамытып жатыр. Талантты да талапты жастарымыз бұл істе бізді қолдайтынына сенемін», деді Тамара Дүйсенова.